|
1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны iске асыру жөніндегі шаралар туралы (2010.30.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 2 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2007.28.08. № 743 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2007.28.08. № 743 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған 1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияның 5-бабын және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңымен ратификацияланған 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияның (бұдан әрі - Конвенциялар) 5-бабының 1-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: ҚР Үкіметінің 2007.28.08. № 743 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.30.09. № 1009 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Конвенциялардың ережелерiн орындауға уәкілеттi орталық және өзге де мемлекеттік органдардың мынадай тiзбесi белгіленсiн: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі - азаматтық хал актілерiн, жылжымайтын мүлiкке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды тiркеу туралы құжаттар, сондай-ақ әділет органдарынан және нотариустардан шығатын өзге де ресми құжаттар бойынша және Қазақстан Республикасы соттарының, шет мемлекеттер соттарының, азаматтар мен заңды тұлғалардың қолдаухаттары бойынша соттардың шешімдерін және өзге ресми құжаттарын орындауға байланысты тапсырмалары бойынша; Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі - прокурордың санкциясы талап етiлмейтiн жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға байланысты құжаттар, көшi-қон және iс жүргiзу әрекеттерiн жүзеге асыруға байланысты құжаттарды қоспағанда, iшкi iстер органдарының құзыретiне жататын басқа да мәселелер бойынша; Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшiрмелерi бойынша; Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі - оның құзыретiне кiретiн мәселелер жөніндегі әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы құжаттар бойынша; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі - олардың дәрменсiздігі туралы конкурстық iс қозғалған заңды тұлғалардың берешектi төлеуiне байланысты мемлекеттік органдардың сұрау салуы мен азаматтардың өтiнiштерi бойынша; Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетi - Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшiрмелерi бойынша; Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы (келісім бойынша) қылмыстық iстер бойынша iс жүргізу әрекеттерiн жүзеге асыруға байланысты мәселелер, прокурордың санкциясы талап етiлетiн жедел-iздестiру iс-шаралары және прокуратура органдарының құзыретiне жататын құжаттар бойынша; Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келісім бойынша) - iс жүргiзу әрекеттерiн жүзеге асыруға байланысты құжаттарды қоспағанда, ұлттық қауiпсiздiк органдарының құзыретiне жататын құжаттар бойынша; Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгi (қаржы полициясы) - iс жүргiзу әрекеттерiн жүзеге асыруға байланысты құжаттарды қоспағанда, қаржы полициясы органдарының құзыретіне жататын құжаттар бойынша. 2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген мемлекеттік органдар Конвенциялардың ережелерiн орындауға уәкілеттi аумақтық органдардың тiзбелерiн белгілесiн. 3. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiне Конвенциялардың ережелерiн орындауға уәкілеттi орталық және аумақтық мемлекеттік органдардың тiзбелерi туралы хабарласын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
|