Шекаралық белдеудің, карантиндік белдеудің және шекаралық аймақтың шектерін белгілеу және жекелеген режимдік шектеулердің қолданысы алып тасталатын немесе тоқтатыла тұратын шекаралық аймаққа кіретін шекара маңы аумақтарының тізбесін бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015.31.07. № 600 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2015.31.07. № 600 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2003 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 120-бабына, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-бабының 6-тармағына және 55-бабының 4) және 13) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мынадай: 1) Мемлекеттік шекараға шектесіп жатқан: Қытай Халық Республикасымен - ені екі мың метр; Ресей Федерациясымен, Қырғыз Республикасымен, Өзбекстан Республикасымен және Түрікменстанмен - ені жүз метр; Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі тікелей Мемлекеттік шекараның бойында инженерлік құрылыстар мен бөгеуіштердің шебін жабдықтаған көрсетілген учаскелерде көрсетілген шептің шекарасына дейінгі шекаралық белдеудің; 2) ені елу метрге дейін, бірақ отыз метрден кем емес шекаралық белдеу шегіндегі карантиндік белдеудің; 3) мынадай: Қытай Халық Республикасымен - шекаралық белдеуге тікелей шектесіп жатқан Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің (аудандары) аумақтары шегіндегі; Ресей Федерациясымен, Қырғыз Республикасымен, Өзбекстан Республикасымен және Түрікменстанмен - шекаралық белдеуге тікелей шектесіп жатқан Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері аумағының жиырма бес километр шегіндегі; Каспий теңізінің жағалауы бойынша - жағалаудың құмды қайраңына тікелей шектесіп жатқан аумағының жиырма бес километр шегіндегі шекаралық аймақтың шектері белгіленсін. ҚР Үкіметінің 2015.31.07. № 600 Қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|