ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 685 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 200 қаулысымен бекітілген
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты «Салық төлеушілерді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. «Салық төлеушілерді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы Салық басқармалары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші тарапынан ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары, сондай-ақ «бір терезе» қағидаты бойынша «электрондық үкімет» веб-порталын (бұдан әрі - портал) пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) салық төлеуші туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі - СТМДҚ) енгізу - сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтерін алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде; СТМДҚ-на салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу - сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің, уәкілетті мемлекеттік органдардың, банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мәліметтерін, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде; салық органының әділет органдарына резидент еместі тіркеу есебінен шығару туралы электрондық хабарлама жіберуі - уәкілетті мемлекеттік органдардан мәліметтерді, банктің хабарламасын, тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|