ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 673 бұйрығымен 1-тармағының 11), 12) тармақшаларын қоспағанда күші жойылды
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 239 бұйрығына 6-қосымша
«Кеменің, шағын көлемді кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Кеменің, шағын көлемді кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет), «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 212-бабы 6-1 тармағының негізінде, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ішкі су және теміржол көлігі саласында мемлекеттік қызмет көрсетуі мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 229 қаулысымен бекітілген «Кеменің, шағын көлемді кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес: 1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органы (бұдан әрі - 1-көрсетілетін қызметті беруші); 2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің аумақтық бөлiмшесi болып табылатын Порттың теңіз әкiмшiлiгi (бұдан әрi - 2-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді кеменің, шағын көлемді кеменің және салынып жатқан кеменің тіркеу орнына қарай көрсетілетін қызметті беруші немесе 2-көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады. 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде. 4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінен қағаз түрінде көшірме немесе үзінді беру болып табылады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|