ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 28 мамырдағы № 644 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 19 наурыздағы № 202 бұйрығына 2-қосымша
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 7) тармақшасы негізінде, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі көрсететін байланыс саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 158 қаулысымен бекітілген «Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады. 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық. 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі нөмірлеу ресурсын бөлу немесе алып қою туралы көрсетілетін қызмет берушінің бұйрығын беру болып табылады. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті ұсыну нәтижесі нысаны: электрондық. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағымен бекітілген.
2. Көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|