Қазақстан Республикасы мен Мажарстан арасындағы сотталған адамдарды беру туралы
ҚР 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 305-V Заңымен ратификацияланды 2016 жылғы 10 ақпанда күшіне енді
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Мажарстан егемендікті және теңдікті өзара құрметтеу негізінде, екі мемлекет арасындағы құқықтық ынтымақтастықты нығайтуға ниет білдіре отырып, сотталған адамдардың бұдан әрі қоғамға қайта араласуына жәрдемдесу мақсатында олардың жазаны өздерінің азаматтығы тиесілі мемлекеттерінде өтеуі мүдделерінде, төмендегілер туралы уағдаласты:
Осы Шарт мақсатында: а) «Беруші Тарап» — бұл сотталған адамды өз аумағынан беретін немесе берген Тарап; b) «Қабылдаушы Тарап» — бұл сотталған адамды өз аумағына қабылдайтын немесе қабылдаған Тарап; с) «Сотталған адам» — бұл Беруші Тараптың соты шығарған үкімге сәйкес белгіленген мерзімге бас бостандығынан айыруға немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталған адам; d) «Азамат» — бұл тек Қазақстан Республикасының немесе Мажарстанның азаматтығы бар адам.
Осы Шарттың ережелеріне сәйкес Беруші Тарап шығарған үкімдерді Қабылдаушы Тараптың аумағында орындау үшін Тараптар бір-біріне сотталған адамдарды беруге құқылы.
1. Осы Шарттың мақсаттары үшін Тараптар айқындаған орталық органдар бір-бірімен тікелей өзара іс-қимыл жасайды. Қазақстан Республикасынан - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы; Мажарстаннан - Әділетке жетекшілік ететін министр болып табылады. 3. Өздерінің орталық органдарының атаулары өзгерген немесе олардың функциялары басқа мемлекеттік органдарға берілген жағдайда Тараптар ол туралы бір-бірін дипломатиялық арналар арқылы хабардар етеді.
а) сотталған адам Қабылдаушы Тараптың азаматы болып табылған; b) адам Қабылдаушы Тараптың ұлттық заңнамасы бойынша да қылмыс болып табылатын әрекет үшін сотталған; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|