«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1086 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 600-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінде: 7 және 7-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «7. Осы Ереженің 10-1 және 11-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың бекітілген не нақтыланған жылдық жоспарының негізінде ғана қабылдайды. 7-1. Тапсырыс беруші тиісті бюджеттің (бизнес-жоспардың, кірістер мен шығыстар сметасының) негізінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді және бекітеді. Тапсырыс беруші мәліметтері мемлекеттік құпияларды және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жеке жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджетті (бизнес-жоспарды, кірістер мен шығыстар сметасын) бекіткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді және ол мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс: 1) қосылған құн салығын есепке алмағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін жылдар бойынша үш жылдық кезеңге бөлінген соманы қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің анықтамалығына сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы. Тиісті бюджетте бекітілген сома болмаған жағдайда, болжамды сома көрсетіледі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|