Павлодар облыстық әкімдігінің 2015. 28.05. № 160/5 Қаулысымен күші жойылды Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 6 мамырдағы № 149/5 қаулысымен бекітілді
«Туберкулез диспансерінен анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2014.03.11. берілген толықтырулармен)
1. «Туберкулез диспансерінен анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) медициналық ұйымдар («Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансері» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Екібастұз және Ақсу қалаларының туберкулезге қарсы ауруханалары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны - қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - фтизиатр дәрігер қол қойған, жеке дәрігерлік мөрмен және көрсетілген қызметті берушінің мөрімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» № 253 қаулысымен бекітілген «Туберкулез диспансерінен анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналында анықтаманы тіркей отырып, расталған Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз түріндегі туберкулез диспансерінен анықтама. Туберкулез диспансерінен анықтама «Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімі» деректер базасында тексеруден кейін беріледі. Анықтаманың жарамдылық мерзімі - 10 күн.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме Стандарттың 9-тармағында қарастырылған құжаттар тізбесі болып табылады. 5. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|