Қарабалық ауданы Гурьянов селосындағы «Комсомольская птицефабрика» акционерлік қоғамының өндірістік алаңы шегінде Тоғызақ өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін, оларды шаруақорлықпен пайдаланудың ерекше шарттарын және тәртібін белгілеу туралы
Осы редакция 2014 жылғы 30 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына және «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Уәкілетті органдармен келісілген, бекітілген жобалау құжаттамасы негізінде 1-қосымшаға сәйкес Қарабалық ауданы Гурьянов селосындағы «Комсомольская птицефабрика» акционерлік қоғамының өндірістік алаңы шегінде Тоғызақ өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі белгіленсін. 2. Қарабалық ауданы Гурьянов селосындағы «Комсомольская птицефабрика» акционерлік қоғамының өндірістік алаңы шегінде Тоғызақ өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін шаруақорлықпен пайдаланудың ерекше шарттары және тәртібі 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін. 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|