Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № А-9/435 Қаулысымен күші жойылды
Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 мамырдағы № а-5/192 қаулысымен бекітілді
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) және (немесе) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - Портал), www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы (бұдан әрі - Орталық) көрсетіледі. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру туралы қаулы (бұдан әрі - шешім) немесе көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық түрдегі немесе қағаз тасығыштағы дәлелді жауабы (бұдан әрі - бас тарту) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), уәкілетті органдардың өзара әрекет ету тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 358 қаулысымен бекітілген «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» Стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды береді (бұдан әрі - Стандарт). 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы: 1) әкімнің кеңсесі - құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады - 15 минут. Нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушыға қолхат беру; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|