"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң Шет ел тiлдерi әскери Осы редакция 2014 жылғы 27 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын жасақтау үшiн мамандар даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң Шет ел тiлдерi әскери институты" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын. 2. Мыналар Мекеме қызметiнiң негiзгi түрлерi болып белгiленсiн: 1) арнайы әскери жоғары білімi бар офицер кадрларын даярлау; 2) офицерлер құрамын қайта даярлау және жетiлдiру. 3. Мекеменi қаржыландыру 2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiн ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүргiзiлсiн. 4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) үш ай мерзiмде Мекеме туралы ереженi әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекiтуге енгiзсiн; 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 10 наурыздағы № 298-11 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң әскери оқу орындары мен әскери-ғылыми мекемелерiне арналған штаттық саны лимитiнiң шегiнде Мекеменiң тұрақты және ауыспалы құрамының құрылымы мен штат санының лимитiн бекiтсiн; 3) офицер кадрларды даярлау үшiн қажеттi оқу, материалдық және техникалық база құрсын; 4) Мекеменi оқу қару-жарақпен, техникамен және өзге де әскери-техникалық мүлiкпен қамтамасыз етсiн; 5) Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігімен бiрлесiп, оқу жоспарларын және оқыту бағдарламаларын әзiрлесiн және бекiтсiн; 6) Мекемедегi оқу процесiн 2005/2006 оқу жылынан бастап ұйымдастырсын; 7) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 9 наурыздағы № 368 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 15, 142-құжат) мынадай толықтыру енгізiлсiн: 1-тармақтың 3) тармақшасы (құпия). 6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
|