«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң «Атырау аудандық пайдалану бөлiмі» мемлекеттік мекемесiн құру туралы»
Осы редакция 2014 жылғы 27 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 10 наурыздағы № 298-11қ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң Арнайы әскерлерiне арналған штат санының лимиті шегiнде 19 бiрлiк штат саны бар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң "Атырау аудандық пайдалану бөлiмi" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - мемлекеттік мекеме) құрылсын. 2. Мемлекеттік мекеменi қаржыландыру Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен: 1) мемлекеттік мекеменiң жарғысын бекiтсiн және әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 наурыздағы № 368 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 15, 142-құжат) мынадай толықтыру енгiзілсiн: 1-тармақтың 3) тармақшасына (құпия). 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
|