ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1182 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 19 мамырдағы № 311 бұйрығына 3-қосымша
«Ұшуды орындау құқығына куәлік беру (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Ұшуды орындау құқығына куәлік беру (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы)» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 61-бабының 2-тармағының және «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ұшуға пайдалану және ұшуға жарамдылықта ұстау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуі мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 400 қаулысымен бекітілген «Ұшуды орындау құқығына куәлік беру (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының негізінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру қызметті берушінің кеңсесі немесе www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) жүзеге асырылады. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағазбен және (немесе) электрондық түрде (ішінара автоматтандырылған). 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі Ұшуды орындау құқығына куәлік (куәлік телнұсқасын) (бұдан әрі - куәлік, куәліктің телнұсқасы) беру (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы) беру болып табылады.
2. Қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимыл тәртібін сипаттау
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|