ҚР Үкіметінің 2015.01.10. № 808 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін қысқарту саласындағы кәсіптік верификациялық және валидациялық (детерминациялық) қызметті жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызмет берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - күнтізбелік он бес күн ішінде; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - қағаз түріндегі аккредиттеу туралы куәлік. 7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі. 8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|