Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 ҚОСЫМША
Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереже
1. Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Осы Шарттың 18-бабының 1-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың тұрақты жұмыс істейтін реттеуші органы болып табылады. Комиссияның негізгі міндеттері Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс істеу және даму жағдайларын қамтамасыз ету, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі экономикалық интеграция саласында ұсыныстар әзірлеу болып табылады. 1) өзара пайданы, тең құқықты және мүше мемлекеттердің ұлттық мүдделерін есеп алуды қамтамасыз ету; 2) қабылданатын шешімдердің экономикалық негізділігі; 3) ашықтық, жариялылық және объективтілік қағидаттары негізінде жүзеге асырады. 2023 ж. 25 мамырдағы Хаттамамен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 25 сәуірде күшіне енді) (бұр.ред.қара) 3. Комиссия өз қызметін осы Шартта және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда көзделген өкілеттіктер шегінде: 1) кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу; 2) кедендік реттеу; 3) техникалық реттеу; 4) санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық шаралар, шұғыл фитосанитариялық шаралар; 5) кедендік әкелу баждарын есепке алу және бөлу; 6) үшінші елдерге қатысты сауда режимдерін белгілеу; 7) сыртқы және өзара сауда статистикасы; 8) макроэкономикалық саясат; 9) бәсекелестік саясаты; 10) өнеркәсіптік және ауылшаруашылық субсидиялары; 11) энергетикалық саясат; 12) табиғи монополиялар; 13) мемлекеттік және (немесе) муниципалдық сатып алу; 14) көрсетілетін қызметтердің өзара саудасы және инвестициялар; 15) көлік және тасымалдау; 16) валюта саясаты; 17) зияткерлік қызмет нәтижелерін және тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді дараландыру құралдарын күзету және қорғау; 18) еңбек көші-қоны; 19) қаржы нарықтары (банк саласы, сақтандыру саласы, валюта нарығы, бағалы қағаздар нарығы); 20) осы Шартта және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда айқындалған өзге де салаларда жүзеге асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|