Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 ҚОСЫМША
(2024.24.06. берілген өзгерістермен)
І. Жалпы ережелер
1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ІХ бөліміне сәйкес әзірленді және үшінші елдерге қатысты Одақтың тарифтік емес реттеу шараларын қолдану тәртібі мен жағдайларын айқындайды. Осы Хаттаманың қолданылуы техникалық реттеу, санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық талаптарды, экспорттық бақылау және әскери-техникалық ынтымақтастық саласында шараларды қолдану мәселелеріне қатысты қатынастарға таралмайды. 2. Осы Хаттамада пайдаланылған ұғымдар мыналарды білдіреді: «автоматты түрде лицензиялау (қадағалау)» - тауарлардың жекелеген түрлерінің экспорты және (немесе) импортының серпінін мониторингілеу мақсатында белгіленген уақытша шара; «бас лицензия» - сыртқы сауда қызметіне қатысушыға лицензияда айқындалған санымен, лицензияланатын жекелеген тауар түрінің экспортына және (немесе) импортына құқық беретін лицензия; «тыйым салу» - тауарлардың жекелеген түрлерін әкелуге және (немесе) әкетуге тыйым салатын шара; «импорт» - кері әкету туралы міндеттемесінсіз тауарды үшінші елдерден Одақтың кедендік аумағына әкелу; «айрықша лицензия» - сыртқы сауда қызметіне қатысушыға жекелеген тауар түрінің экспортына және (немесе) импортына айрықша құқық беретін лицензия; «айрықша құқық» - сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға айрықша лицензияның негізінде берілетін тауарлардың жекелеген түрлерінің экспорты және (немесе) импортын жүзеге асыруға арналған құқық; «сандық шектеулер» - квоталар белгілеу жолымен енгізілетін тауарлардың сыртқы саудасын сандық шектеу шаралары; «лицензиялау» - лицензиялар және (немесе) рұқсаттар беру тәртібін белгілейтін әкімшілік шаралар кешені; «лицензия» - тауарлардың экспортын және (немесе) импортын жүзеге асыру құқығына берілетін арнайы құжат; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|