ҚР Инвестициялар және даму министрінің м. а. 2014.24.10. № 100 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары- Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 142 бұйрығына 2-қосымша
мемлекеттік мекемесі туралы
1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитеті» (бұдан әрі - Комитет) мемлекеттік мекемесі инвестицияларды, инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау, арнайы экономикалық аймақтарды құру, жұмыс істету және тарату саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады. 2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар. 4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі. 5. Комитеттің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнаманда көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. 8. Комитеттің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 47, «Транспорт Тауэр» әкімшілік ғимараты. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|