Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 142 бұйрығына 4-қосымша
1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Атом энергиясы комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) атом энергиясын пайдалану саласындағы басшылықты жүзеге асыраты мемлекеттік орган болып табылады. 2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртанбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар. 4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі. 5. Комитеттің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. 8. Заңды тұлғаның орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 10-үй, 13-кіреберіс, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты. 9. Мемлекеттік органның толық атауы - мемлекетті тілде - «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Атом энергиясы комитеті» мемлекеттік мекемесі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|