Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 107-1347 Қаулысымен күші жойылды
Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 107-890 қаулысына 2-қосымша
(балаларға) қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу» (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Астана қаласы әкімдігінің уәкілетті органы «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - қызмет беруші) сондай-ақ «электрондық үкімет»: www.e.gov.kz веб-порталы және Астана қаласы әкімдігінің «Электрондық қызметтер»: www.e.astana.kz жүйешесі арқылы көрсетіледі. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 115 қаулысымен бекітілген «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) және жетім балаға (жетім балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы анықтама не мемлекеттік қызмет Стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады. 5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда ұсынылады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алу үшін өтініш берген жағдайда, нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, қағазға басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|