Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Осы редакция 2014 жылғы 28 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн: 1) «Мемлекеттік күзетiлуi тиiс объектiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 4 қыркүйектегi № 901 қаулысында: көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзетiлуi тиiс объектiлерiнiң тiзбесiнде: «Аса маңызды мемлекеттік объектiлерi» деген I бөлiмде: «Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының ғимараттары» деген 1-кiшi бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 50-1, 73-1, 73-2, 162-1, 162-2, 216-1, 298-1, 298-2, 421-1, 469-1, 469-2, 512-1, 623-1-жолдармен толықтырылсын:
«БАРЛЫҒЫ 623 объект» деген жолда: «623» деген цифр «636» деген цифрмен ауыстырылсын; «Мемлекеттік күзетiлуi тиiс Қазақстан Республикасы өңiрлерiндегi (халқының) тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерi» деген II бөлiмде: «Байланыс объектiлерi - автоматтық телефон станциялары, ұтқыр және спутниктік байланыс станциялары; телевизия және радио хабарларын тарату, радио-телевизия хабарларын беру орталықтары (PTXO)» деген 3-бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 4-1, 4-2 жолдармен толықтырылсын:
«Барлығы 21 объект» деген жолда: «21» деген цифр «23» деген цифрмен ауыстырылсын; кестеде: «Аса маңызды мемлекеттік объектiлер» деген I бөлiмде: реттiк нөмiрi 1-жолда «623» деген цифр «636» деген цифрмен, «383» деген цифр «396» деген цифрмен ауыстырылсын; «Жиынтығы» деген жолда «1064», «515» деген цифрлар «1077», «528» деген цифрлармен ауыстырылсын; «мемлекеттік күзетілуі тиіс Қазақстан Республикасы өңірлеріндегі (халқының) тіршілікті қамтамасыз ету объектілері» деген ІІ бөлімде: реттік нөмірі 3-жолда «21» деген цифр «23» деген цифрмен ауыстырылсын; «Жиынтығы» деген жолда «266», «124» деген цифрлар «268», «126» деген цифрлармен ауыстырылсын; «Тізбе бойынша барлығы» деген жолда «1330», «562», «234» деген цифрлар «1345», «575», «236» деген цифрлармен ауыстырылсын; 2) құпия. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
|