Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы (2008.14.02. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2014 жылғы 25 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi реттеуге және оның тиiмділігiн арттыруға бағытталған әкiмшiлiк реформаны жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңы 22-бабының 2-тармағына және 23-бабының 1-тармағына сәйкес қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң құрылымына кiретiн орталық мемлекеттік органдардың функциялары мен өкiлеттiктерiнiң ара жiгiн ажыратуға негiзделген, мемлекеттік басқарудың мынадай принциптерi белгiленсiн: 1) министрлiктерге тиiстi басқару саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функциялар; 2) министрлiктердiң құрамына кiретiн комитеттерге мемлекеттік саясатты iске асыру жөніндегі функциялар, бақылау және қадағалау функциялары бекітілсiн. 2. Таратылатын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттiгiнiң базасында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгі құрылсын. 1) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң, Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң және Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң туризмдi дамыту функциялары Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне, ал мемлекеттік жастар саясаты саласындағы функциялары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне берiле отырып, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігіне қосу жолымен; 2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі оның шағын кәсiпкерлiктi тiкелей қолдау функциялары жергiлiктi атқарушы органдарға берiле отырып, сондай-ақ оған мынадай: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|