Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014жылғы 29 шілдедегі № 477 бұйрығына 4-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаменті туралы
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөлінісі болып табылады (бұдан әрі - Министрлік). 2. Департаменттің құрылымын, штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министр бекітеді. 1) Құқықтық қамтамасыз ету басқармасынан; 2) Шарттық және наразылық - талап жұмысы басқармасынан тұрады. 4. Департаменттің негізгі міндеттері: Министрлік қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету; Министрліктің заңнаманы қолдану практикасын жинақтау; Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және түсіндіру, Министрлікте жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру; құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу болып табылады.
2. Департамент қызметін ұйымдастыру туралы
5. Департаментте лауазымдарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен заңгерлік білімі бар адамдар тағайындалады. 6. Министрліктің өзін қайта ұйымдастыру немесе тарату жағдайларын қоспағанда, Департаментті таратуға жол берілмейді. 7. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын және осы Ережені басшылыққа алады. 8. Министрлікте бөлінген бюджет қаражатының шегінде Департаменттің тиімді және сапалы қызметі үшін мыналарды қоса алғанда, тиісті жағдай жасалады: жеке үй-жаймен, заңнамалық-анықтамалық материалдармен, құқықтық мәселелер жөніндегі мерзімді баспасөз басылымдарымен, заң әдебиетімен, сондай-ақ мерзімді түрде жаңартылып отыратын нормативтік құқықтық актілердің электрондық қорымен қамтамасыз ету; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|