ҚР Ішкі істер министрінің 2016.05.11. № 1033 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 477 бұйрығына 9-қосымша
Жедел жоспарлау департаменті туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Жедел жоспарлау департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - ІІМ) орталық аппаратының дербес құрылымдық бөлінісі болып табылады және Ішкі істер министріне бағынады. 2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де құқықтық актілерді және осы Ережені басшылыққа алады. 3. Департаменттің құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министр бекітеді. 1) Басшылықтан; 2) Жедел басқару орталығынан; 3) Жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс басқармасынан; 4) арнайы іс-шараларды әзірлеуді бақылау бөлімінен тұрады.
2. Департаменттің негізгі мақсаттары, функциялары,
5. Міндеті: Қазақстан Республикасы ІІМ жедел басқарудың жалпы стратегиясын әзірлеу. Функциялары: 1) жедел ақпаратты үздіксіз жинауды және республиканың өңірлеріндегі криминогендік жағдайды кешенді талдауды қамтамасыз ету; 2) ауыр қылмыстар жасау, жаппай тәртіпсіздіктер, табиғи зілзала және басқа да төтенше оқиғалар кезінде күштер мен құралдарды жедел басқаруды қамтамасыз ету; 3) сұрау салуларды жедел-іздестіру, анықтамалық және аналитикалық мақсаттағы біріктірілген деректер банкі арқылы тәуліктік өңдеуді қамтамасыз ету. 6. Міндеті: қылмыстар мен оқиғалар туралы өтініштер мен хабарламаларды, шағымдар мен өзге де ақпаратты қабылдауды, тіркеуді (оның ішінде электрондық форматта) жүзеге асыру. Функциялары: 1) қылмыстар мен оқиғалар туралы өтініштер мен хабарламаларды, шағымдар мен өзге де ақпаратты қабылдауды, тіркеуді жүзеге асыруды бақылау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|