«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде: 11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «11) мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтардан және байқаулардан өткізу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;»; мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын: «11-1) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»; 63-1), 75), 87), 88) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «63-1) өсімдіктерді қорғау саласындағы халықаралық ұйымдармен және мемлекеттік органдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;»; «75) ветеринариялық ғылыми зерттеулерді және ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды қайта даярлауды ұйымдастырады;»; «87) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшеп және жемшөптік қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру тәртібін әзірлейді; 88) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын іріктеп алу қағидаларын әзірлейді;»; 89) тармақша алып тасталсын; 96), 97), 98), 103), 104) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|