Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына Осы редакция 2014 жылғы 29 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 20 сәуірдегі № 377 Жарлығына сәйкес қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 54, 532-құжат): Жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі туралы ережеде: 9-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшасымен толықтырылсын: "10-1) тәртіптік ретпен жазаланатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған С-1, С-2, С-3 санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тәртіптік істерін қарайды; тәртіптік ретпен жазаланатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған өзге санаттардағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тәртіптік істерін қарау жөніндегі мемлекеттік органдардың Тәртіптік комиссияларының жұмысын үйлестіреді; облыстардың, Астана мен Алматы қалалары Тәртіптік кеңестерінің жұмысын бақылайды әрі тексереді және олардың басшыларын тағайындауға келісім береді"; 2) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы № 321 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 562-құжат): Жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесінде: бірінші тарауда: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|