Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иран Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы
ҚР 2015 жылғы 12 қазандағы № 357-V Заңымен ратификацияланды 2018 жылғы 27 маусымда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иран Ислам Республикасының Үкіметі екі мемлекеттің экономикалық мүдделерінде екі ел арасында автомобиль тасымалдарын дамытуға жәрдемдесуге ниет білдіре отырып, төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісімнің мақсаты Тараптар мемлекеттері арасындағы жолаушылардың және/немесе жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын, сондай-ақ, олардың аумақтары арқылы транзиттік тасымалдарды және Тараптар мемлекеттерінің бірінде тіркелген көлік құралдарымен үшінші елдерден/елдерге орындалатын тасымалдарды реттеу болып табылады. Осы Келісім Тараптардың мемлекеттері қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын олардың құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
Осы Келісімнің мақсатында: 1. «Тасымалдаушы» Тараптардың бірінің мемлекеті аумағында тіркелген, тиісті мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес жолаушылар мен жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға жіберілген кез келген жеке немесе заңды тұлғаны білдіреді. 2. «Жүк көлік құралы» Тараптардың бірінің мемлекеті аумағында тіркелген және тек қана жүктерді автомобильмен тасымалдау үшін жабдықталған кез келген автомобиль көлік құралын немесе көлік құралдарының жиынтығын білдіреді. 3. «Жолаушылар көлік құралы» Тараптардың бірінің мемлекеті аумағында тіркелген, өзінің конструкциясы мен дизайны бойынша жүргізушінің орнын қоса алғанда, тоғыздан астам отыратын орын бар және жолаушылар тасымалдауға арналған кез келген механикалық көлік құралын білдіреді. 4. «Тұрақты жолаушы тасымалы» - белгілі бір маршрут пен кесте бойынша жолаушыларды тасымалдауды қамтамасыз ететін, алдын ала белгіленген аялдама пункттерінде жолаушыларды түсіру және отырғызу жүзеге асырылатын кез келген қызметті білдіреді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|