Осы редакция 2014 жылғы 31 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары- Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 558 бұйрығына 1-қосымша
Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация
Премьер-Министрінің Орынбасары- Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 558 бұйрығына 2-қосымша
Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау
1. Осы Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (100.00-нысан) (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және корпоративтік табыс салығын есептеуге (бұдан әрі - КТС) арналған корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігі нысанын (декларация) (бұдан әрі - декларация) жасау тәртібін айқындайды. декларацияны: мемлекеттік мекемелерді; Салық кодексінің 134-бабы 2-тармағында көрсетілген табыстар бойынша Салық кодексінің 134-бабы 1-тармағының тиісті шарттарына сәйкес келетін коммерциялық емес ұйымдарды; Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген және Салық кодексінің 134-бабы 2-тармағында көрсетілген табыстар бойынша Салық кодексінің 134-бабы 1-тармағының тиісті шарттарына сай келетін дербес бiлiм беру ұйымдарды; Салық кодексінің 135-бабының шарттарына сәйкес келетін әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды; Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген және Салық кодексінің 135-бабының тиісті шарттарына сай келетін дербес бiлiм беру ұйымдарды; 110.00 немесе 150.00-нысан бойынша декларация толтыратын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент заңды тұлғалар, резидент емес заңды тұлғалар жасайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|