«Арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер - министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 454 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 468 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 454 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7354 болып тіркелген, 2013 жылғы 20 қарашада № 319 (27593) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізу жөніндегі нұсқаулықта: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Жауапты бөлімше АЭА басқарушы органы ұсынған АЭА қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты жасасу немесе бұзу туралы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мәліметтерді Тізілімге енгізеді. АЭА қатысушысы ретінде тұлғаны тіркеу туралы мәліметтерді Тізілімге енгізу күні қызметті жүзеге асыру туралы шартты жасасу күні болып табылады. 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Куәлікте мынадай мәліметтер көрсетіледі: 1) АЭА-ны құру, жұмыс жасау және тарату саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның атауы; 2) АЭА қатысушысы ретінде тұлғаны тіркеу туралы мәліметтерді Тізілімге енгізу күні мен тіркеу нөмірі; 3) Куәлікті беру күні; 4) АЭА атауы; 5) АЭА қатысушысының атауы; 6) АЭА қатысушысының орналасқан орны; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|