ҚР Инвестиция және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 620 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 103 бұйрығымен бекітілген
«Тарату қорын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламенті
1. Мемлекеттік көрсетілетін кызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі - жер қойнауын пайдалану туралы келісімшарттар бойынша тарату қорын пайдалануға рұқсат. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимыл) бастауға негіздеме «Тарату қорын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес ұсыналған құжаттары бар көрсетілген қызметті алушының өтініші болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің іс-қимыл тәртібі, рәсімдері (іс-қимыл), және олардың орындалу бірізділігі, оның ішінде әрбір құрылымдық бөлімше бөлінісінде барлық рәсімдерді (іс-қимылды) өту кезеңдері: 1-рәсім - қабылданған құжаттар көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманынан тіркеуден өтеді және вице-министрге (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің басшысы) жіберіледі; 2-рәсім - көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарары бар құжаттар жауапты құрылымдық бөлімшеге (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесіне) жіберіледі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|