«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» түсіндірме
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты стратегияда айқындалған мақсаттар мен міндеттерді және бесінші шақырылымдағы Парламенттің 2014 жылғы 2 қыркүйектегі төртінші сессиясының ашылуында Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын іске асыруға әзірленген. Стратегия мемлекеттің алдағы жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын көрсетеді және сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын, оны тудыратын себептер мен жағдайларды жоюға, оның деңгейін қысқартуға ықпал ететін кешенді шараларды қамтиды. Стратегияда еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ахуалына талдау жасалады, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін негізгі факторлар сипатталады, оларды жою жөніндегі тәсілдер мен басым шаралар, Стратегияны іске асыру тетіктері көрсетіледі. Стратегияны іске асыру нәтижесі халыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын, мемлекет институттарына қоғамның сенімін, азаматтардың құқықтық сауаты мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениеті деңгейін көтеру, сондай-ақ еліміздің халықаралық рейтінгін жақсарту болуы тиіс. Стратегияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылының түйінді бағыттары: 1) мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл; 2) қоғамдық бақылау институтын енгізу; 3) квазимемлекеттік және жекеше сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл; 4) сот және құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу; 5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру; 6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|