Жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргізу жөнінде банк операцияларын жүргізуге лимиттер белгілеу туралы
Осы редакция 2014 жылғы 21 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Екінші деңгейдегі банктер үшін «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Банктер туралы заң) 30-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүзеге асыруға байланысты міндеттемелердің мөлшері бойынша мынадай шектерде лимиттер белгіленсін: 1) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап: 10 000 000 000 (он миллиард) теңге - екінші деңгейдегі банктің меншікті капиталының мөлшері 10 000 000 000 (он миллиард) теңге - 30 000 000 000 (отыз миллиард) теңге аралығында болған жағдайда; 2) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап: 10 000 000 000 (он миллиард) теңге - екінші деңгейдегі банктің меншікті капиталының мөлшері 10 000 000 000 (он миллиард) теңге - 30 000 000 000 (отыз миллиард) теңге аралығында болған жағдайда; 50 000 000 000 (елу миллиард) теңге - екінші деңгейдегі банктің меншікті капиталының мөлшері 30 000 000 000 (отыз миллиард) теңге - 50 000 000 000 (елу миллиард) теңге аралығында болған жағдайда; 3) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап: 10 000 000 000 (он миллиард) теңге - екінші деңгейдегі банктің меншікті капиталының мөлшері 10 000 000 000 (он миллиард) теңге - 30 000 000 000 (отыз миллиард) теңге аралығында болған жағдайда; 50 000 000 000 (елу миллиард) теңге - екінші деңгейдегі банктің меншікті капиталының мөлшері 30 000 000 000 (отыз миллиард) теңге - 50 000 000 000 (елу миллиард) теңге аралығында болған жағдайда; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|