ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016.27.05. № 239 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.28.07. № 277 бұйрығымен (2023 ж. 14 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) нұсқаулық жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына 4-қосымша
Биязылау жүнді қой тұқымдарын бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (2023.14.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Осы Биязылау жүнді қой тұқымдары бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және биязылау жүнді қой тұқымдарына бонитирлеу жүргізу тәртібін айқындайы. 2. Биязылау жүнді қой тұқымдарын бонитирлеуді бонитерлер (сыныптаушылар) жүргізеді.
2-тарау. Биязылау жүнді қой тұқымдарын бонитирлеу тәртібі
3. Биязылау жүнді қойлар таза тұқымды қойларға және будандарға бөлінеді. 4. Таза тұқымды қойларға мыналар жатады: 1) бір тұқымның таза тұқымды ата-енелерін шағылыстыру нәтижесінде алынған жануарлар; 2) екі тұқымның біреуі бойынша қан құрамы кемінде 75 пайыз болған кезде тұқымдар генотипі бойынша жақын, туыс екі жануарды шағылыстыру нәтижесінде алынған жануарлар; 3) бір тұқымның қан үлесі кемінде 93,75 пайыз болған кезде туыс емес тұқымдарды будандастыру нәтижесінде алынған жануарлар; 4) екі және одан көп туыс емес тұқымдардың қатысуымен жаңа тұқым жасау нәтижесінде алынған жануарлар. 5. Осы Нұсқаулықтың 4-тармағында көрсетілмеген қойлар будандарға жатады. 6. Биязылау жүнді қой тұқымдары өнімділік бағыты бойынша: жүнді-етті, ұзын жүнді етті-жүнді және қысқа жүнді етті-жүнді болып бөлінеді. Жүнді-етті тұқымдарға цигай тұқымы жатады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|