ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016.27.05. № 239 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.28.07. № 277 бұйрығымен (2023 ж. 14 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) нұсқаулық жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына 6-қосымша
Қаракөл қойларын бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (2023.14.08. берілген өзгерістермен)
1. Осы Қаракөл қойларын бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және қаракөл қойларына бонитирлеу жүргізуді нақтылайды. 2. Қаракөл қойларын бонитирлеуді бонитерлер (сыныптаушылар) жүргізеді.
2-тарау. Қаракөл қойларын бонитирлеуді ұйымдастыру
3. Қозылардың сапасын бонитирлеу екінші-үшінші күні, ашық жерде өткізіледі, күннің шашыраңқы сәулесі қозының үстіне түскені абзал. Бонитирлеудің екінші кезеңі 15-20 күні жүргізіледі. Бұл ретте қозының дамуы, қаракөл қасиетінің сақталуы, шайырлығы ескеріледі. Терінің пигментациясы мен бұралымы жаман сақталып, ақ және құрғақ жүннің пайда болуы қозыларды асыл тұқымға қалдыруға болмауына себеп, ол шығарылып тасталады. 4. Әлсіз және тұрпаты артық дамыған нәзік және қырық тұрпаты жануарларды жекелеген отарларға бонитирлеу сыныбына қарамастан жинақтайды. 5. Қозылардың құлақтарына ен салады және қаракөл типіне жататындығын белгілейді, бұйралығының өлшемі мен сыныбы, әр түрлі түстегі бұйраның түсі мен реңі анықталады. 6. Бонитирлеу өткізетін жерде арнайы орындығы бар үстелдер жабдықталады. Кептірілген және мұқият тазартылған қозылар бонитирленеді. Жаңа туған қозылардың құлағына енесінің нөмірін, туған уақытын, отардың нөмері көрсетілген сырға тағады. 7. Бонитирлеу аяқталған соң асырауға қалдырған қозыларды түгендеп, белгіленген тәртіппен есеп жүргізеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|