ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 58 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 50 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдістеме (2015.10.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы әдістеме Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды (бұдан әрі - стратегиялық және бағдарламалық құжаттар), мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу бойынша тәсілдерді ашып көрсетеді. 2. Талдау, модельдеу, пайымдауды қалыптастыру және басымдықтарды, мақсаттарды, нысаналы индикаторларды, міндеттер мен оларға қол жеткізу жолдарын айқындау, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын ресурстық қамтамасыз ету процесі әзірлеу болып табылады. 3. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) әзірлеуші мемлекеттік орган - стратегиялық немесе бағдарламалық құжатты, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын, аумақтарды дамыту бағдарламасын әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган; 2) декомпозиция - Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарының мақсаттарын, нысаналы индикаторларын, міндеттері мен көрсеткіштерін оларды Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің төмен тұрған құжаттарында көрсету үшін құрамдас мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге және көрсеткіштерге бөлу процесі; 3) жоспарлау кезеңі - елді (белгілі бір қызмет аясын, тиісті аумақты) дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, негізгі бағыттарын айқындау; 4) жоспарлы кезең - стратегиялық немесе бағдарламалық құжат, мемлекеттік органның стратегиялық жоспары, аумақтарды дамыту бағдарламасы әзірленетін кезең; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|