Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 146 бұйрығына 4-қосымша
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ТМККК қызметтеріне ақы төлеу саласында іске асырушы функцияларын Комитеттің құзыреті шегінде жүзеге асыратын Комитеттің аумақтық бөлімшесі болып табылады. 2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілдегі өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланктері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар. 4. Департамент өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға кіреді. 5. Департаменттің егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. 8. Департаменттің заңды мекенжайы: 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 41. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|