|
|
|
Источник: Комитета государственных доходов МФ РК (www.kgd.gov.kz/ru)
26.10.2023 Всеобщее декларирование: что нужно знать руководителям, учредителям юрлиц и ИП
С 1 января 2024 года вводится III этап всеобщего декларирования в Республике Казахстан, в рамках которого «Декларацию об активах и обязательствах» (форма 250.00) обязаны представлять руководители, учредители (участники) юридических лиц и индивидуальные предприниматели, а также их супруги. В случае если Вы относитесь к вышеуказанным категориям лиц, но не осуществляете либо приостановили предпринимательскую деятельность, то рекомендуем Вам подать налоговое заявление о прекращении деятельности в орган государственных доходов по месту нахождения юридического лица или индивидуального предпринимателя. Чтобы проверить, являетесь ли Вы индивидуальным предпринимателем либо руководителем юридического лица, приостановившим деятельность, или находитесь в списке неблагонадежных налогоплательщиков, Вам необходимо пройти по следующим ссылкам на электронные сервисы интернет-ресурса Комитета государственных доходов МФ РК: https://kgd.gov.kz/ru/services/taxpayer_search_unreliable/list https://kgd.gov.kz/ru/services/taxpayer_search_unreliable https://kgd.gov.kz/ru/services/taxpayer_search/entrepreneur Форма 250.00 представляется в органы государственных доходов в срок не позднее 15 июля - на бумажном носителе, 15 сентября - в электронном виде посредством web-приложения «Кабинет налогоплательщика» (cabinet.salyk.kz) или мобильные приложения e-Salyq Аzamat, еGov mobile, Halyk. Обращаем внимание, что после представления формы 250.00 в 2024 году, с 2025 года данные лица должны ежегодно представлять декларацию о доходах и имуществе (форма 270.00). Дополнительно сообщаем, что за несвоевременное представление декларации на первый раз предусмотрено предупреждение. При повторном нарушении в течение года - штраф в размере 15 МРП.
Пресс-служба Комитета государственных доходов МФ РК
Жалпыға бірдей декларациялау: заңды тұлғаның басшылары, құрылтайшылары және жеке кәсіпкерлер үшін ақпарат
2024 жылдың 1-қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей декларациялаудың ІІІ-кезеңі басталады, бұл кезеңде «Активтер мен міндеттемелер туралы» (250.00-нысанды) декларацияны заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынуға міндетті. Егер Сіз жоғарыда аталған тұлғалардың санатынан болсаңыз, бірақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмасаңыз немесе тоқтата тұрсаңыз онда Сізге заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына қызметін тоқтату туралы салық өтінішін беруге кеңес береміз. Ол үшін жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның басшысы екеніңізді, қызметін тоқтатқан немесе әрекетсіз салық төлеушілердің тізімінде екеніңізді мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсының электрондық сервистеріне келесі сілтемелер бойынша өтіп, тексере аласыз. www.kgd.gov.kz: https://kgd.gov.kz/kk/services/taxpayer_search_unreliable/list https://kgd.gov.kz/kk/services/taxpayer_search_unreliable https://kgd.gov.kz/kk/services/taxpayer_search/entrepreneur 250.00-нысандағы салық есептілігін мемлекеттік кірістер органдарына 15-шілдеден кешіктірмей - қағаз түрінде, электронды түрде - 15-қыркүйектен кешіктірмей «Салық төлеушінің кабинеті» (cabinet.salyk.kz) Web-қосымшасы немесе e-Salyq Аzamat, еGov mobile, Halyk мобильді қосымшалары арқылы ұсыну қажет. 2024 жылы 250.00-нысанды ұсынғаннан кейін, 2025 жылдан бастап бұл тұлғалар жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысанда) ұсынуға тиіс екендігіне назар аударамыз. Декларацияны уақытылы ұсынбағаны үшін алғашында ескерту қарастырылған, ал бір жыл ішінде қайталап аталған заң бұзушылық жасалса - 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Баспасөз қызметі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |