Облигацияларын банктер және банк холдингтері меншікке сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесін және банктер мен банк холдингтері меншікке сатып алатын облигацияларға қойылатын талаптарды белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 29 қарашадағы № 234 Қаулысы
Осы редакция 2019 жылғы 28 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Облигацияларын банктер және банк холдингтері меншікке сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдарының төмендегідей тізбесі белгіленсін: Азия Даму Банкі (the Asian Development Bank); Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (the Asian Infrastructure Investment Bank); Америкааралық даму банкi (the Inter-American Development Bank); Африка даму банкi (the African Development Bank); Еуразиялық даму банкi (the Eurasian Development Bank); Еуропа инвестициялық банкi (the European Investment Bank); Еуропа кеңесінің даму банкі (the Council of Europe Development Bank); Еуропа қайта құру және даму банкi (the European Bank for Reconstruction and Development); Жеке секторды дамыту жөніндегі Ислам Корпорациясы (the Islamic Corporation for the Development of the Private Sector); Ислам даму банкi (the Islamic Development Bank); Скандинавия инвестициялық банкi (the Nordic Investment Bank); Халықаралық валюта қоры (the International Monetary Fund); Халықаралық қаржы корпорациясы (the International Finance Corporation); Халықаралық қайта құру және даму банкi (the International Bank for Reconstruction and Development). 2. Банктер мен банк холдингтері меншікке сатып алатын облигацияларға төмендегідей талаптар белгіленсін: 1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған, Қазақстан Республикасының мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздары мәртебесі бар (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланған) облигациялар; 2) Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген облигациялар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|