«Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1264 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 842 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ: 1. «Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1264 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 842 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12991 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 16 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес, туристік қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары; 2) осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес, туристік операторға қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы; 3) осы бірлескен бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес, туристік агентке қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы; 4) осы бірлескен бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес, гидке (гид-аудармашыларға) қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы; 5) осы бірлескен бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес, экскурсоводқа қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы; 6) осы бірлескен бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес, туризм нұсқаушысына қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы.». Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|