Осы редакция 2018 жылғы 8 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 23 қарашадағы
№ 4/646 қаулысымен бекітілді
«Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2017.06.02. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Алматы қаласы әкімдігінің аудандар әкімдері аппараттарының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) арқылы көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін ұсыну баламалы түрде:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығымен бекітілген «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес беріледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
Алматы қаласы әкімдігінің 2017.06.02. № 1/35 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен, қайталама неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында қарастырылған жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.