«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 158 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 73 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 158 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2735 болып тіркелген, 2015 жылдың 8 қыркүйегінде «Ақ жол» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде: 10 - тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) ауылдық округ әкімі аппаратының маманы учаскелік комиссияға зертеуге және қортындыны дайындау үшін құжаттарды жолдайды - 1 (бір) жұмыс күні ішінде;»; 10 - тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) ауылдық округ әкімі аппаратының маманы келіп түскен құжаттарды және учаскелік комиссия қортындысын көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына - 2 (екі) жұмыс күні ішінде жібереді;»; 10 - тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қағаз түріндегі тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына - 2 (екі) сағаттың ішінде жібереді;»; 11 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|