ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы
Мемлекеттік аппаратта шешімдер қабылдаудың тиімділігі мен жеделдігін арттыру, атқарушы биліктің қызметін заңнамалық тұрғыдан артық регламенттеуді болдырмау, құжат айналымы мен есептілікті қысқарту, мемлекеттік органдар басшыларының дербестігі мен дербес жауапкершілігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Бюрократиядан арылтудың мынадай қағидаттары айқындалсын: 1) мәннің нысаннан басымдығы – нәтижеге қол жеткізу бойынша жұмыс нысанынан нақты және өлшенетін нәтиженің басым болуы; 2) бастапқы бойынша цифрландыру – мемлекеттік органдардың азаматтармен, бизнеспен және бір-бірімен цифрлық форматта жан-жақты өзара іс-қимыл жасауының басымдығы; 3) басқарушылық жауапкершілік – нақты басшының құзыреті аясына кіретін шешімдерді қабылдау мен мәселелерді келісуді жоғары тұрған деңгейге және алқалы органдарға беруге жол берілмейтіні; 4) үздіксіз жетілдіру – мемлекеттік аппараттың бюрократияны қысқартуға, жүйелі реинжинирингке және ішкі рәсімдер мен процестерді оңтайландыруға ынталандыратын ұйымдастырушылық мәдениетін қалыптастыру және қолдау; 5) регламенттеудің оңтайлылығы – мемлекеттік органдардың қызметтерін регламенттеудің оңтайлы қажетті деңгейін белгілеу, жеткілікті түрде негізделмеген жаңа бюрократиялық талаптарды, есептілік пен бақылау түрлерін енгізуге жол бермеу. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі өзекті сын-қатерлерге, форс-мажорлық мән-жайларға және дағдарыстық жағдайларға жедел ден қою үшін құзыреттерін, функциялары мен өкілеттіктерін заңнамалық деңгейде артық (шамадан тыс) нақтыламай, жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құқығын мемлекеттік органдарға беруді, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде мемлекеттік тіркеусіз қабылдаудың ерекше тәртібін енгізуді қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|