«Казталов - Жәнібек - Ресей Федерациясының шекарасы және Ленинск - Ақсу - Көктөбе -
Осы редакция 2015 жылғы 20 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрамына: жалпы ұзақтығы 162 километр Казталов - Жәнібек - Ресей Федерациясының шекарасы және жалпы ұзақтығы 227 километр Ленинск - Ақсу - Көктөбе - Үлкен Ақжар - Курчатов қаласы облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары енгізілсін. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Батыс Қазақстан, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдерімен бірлесіп, жоғарыда көрсетілген автомобиль жолдарын қабылдау-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын. 3. «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жіктеу ережесі мен шарттарын және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1809 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 54, 596-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесінде: мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: «Р - 44 Казталов - Жәнібек - Ресей Федерациясының шекарасы 162 Р - 45 Ленинск - Ақсу - Көктөбе - Үлкен Ақжар - Курчатов қаласы 227»; «Жиыны» деген жолдағы «23118,9» деген сандар «23507,9» деген сандармен ауыстырылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
|