ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің «Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы» 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 және «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервін қалыптастыру және одан тағайындау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссиялары туралы» 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 және «Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы» 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» 2023 жылғы 15 маусымдағы № 255 жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) «Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығында: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде: 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «3. Ұлттық комиссияның міндеттері: 1) Резервті қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалпы үйлестіру; 2) Резервке алу, Резервтен шығару туралы мəселелерді шешу; 3) Қазақстан Республикасы Президентінің Резервті қалыптастыру мәселелері жөніндегі тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету; 4) іріктеу жүргізілмей, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервтеріне (бұдан әрі - өңірлік резервтер) алынуға жататын кандидаттарды айқындау болып табылады. 4. Ұлттық комиссияға міндеттеріне сәйкес мынадай функциялар жүктеледі: 1) Резервке алуға ұсынылған кандидаттарды қарау; 2) Ұлттық комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша сұрау салуларды жіберу және мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан ақпарат алу; 3) Ұлттық комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдау; 4) адамды Резервтен шығару туралы мәселені қарау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|