«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде: 15-тармақ мынадай мазмұндағы 287-11), 287-12), 287-13), 287-14), 287-15), 287-16), 287-17), 287-18) 287-19), 287-20), 287-21) және 287-22) тармақшалармен толықтырылсын: «287-11) адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады, адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілерінің қызметін үйлестіреді; 287-12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адам саудасына қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерімен, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкілмен өзара іс-қимыл жасайды; 287-13) адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және іске асыру жөніндегі, оның ішінде адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қауіп-қатерлердің алдын алу, оларды бағалау, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен адам саудасы құрбандарына көмек көрсету және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін оларды қайта бағыттау жөніндегі жұмысты үйлестіреді және жүзеге асырады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|