Қазақстан Республикасының Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мен
Ресей Федерациясының Есеп палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы
КЕЛІСІМ
(Баку қ. 2017 жылы 5 қыркүйек)
2017 жылғы 5 қыркүйекте күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасының Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мен Ресей Федерациясының Есеп палатасы
өзара құрмет, сенім, тең құқылық, әріптестік және ынтымақтастық қағидаттарын негізге ала отырып,
Халықаралық жоғары аудит органдары ұйымының (ИНТОСАИ), Еуропа жоғары аудит органдары ұйымының (ЕВРОСАИ), Азия жоғары аудит органдары ұйымының (АЗОСАИ), ТМД-ға, Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттердің Жоғары қаржы бақылау органдары басшылары кеңесі қызметінің және Тараптар мүше болып табылатын басқа да ынтымақтастық форматтарының ережелерін және негізгі қағидаттарын басшылыққа ала отырып,
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ жөніндегі шарттың оған мүше мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдарының өзара іс-қимылына қатысты бөлігінде іске асырудың мүдделері үшін ынтымақтастықты дамыту және нығайту қажеттілігін атап өтіп,
сыртқы мемлекеттік аудиттің (бақылау) тиімділігін арттыруға екі жақтың ұмтылысына сүйене отырып,
төмендегілер туралы осы Келісімді жасасты:
1-бап
Тараптар өз құзыреттерінің шегінде әрекет етіп және өз мемлекеттерінің заңнамасы мен халықаралық міндеттемелерін сақтай отырып, осы Келісімге сәйкес ынтымақтастықты жүзеге асырады.
2-бап
Тараптар ынтымақтастықты екі жақты негізде де, ИНТОСАИ, ЕВРОСАИ, АЗОСАИ, ТМД-ға, Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттердің Жоғары қаржы бақылау органдары басшыларының кеңесі және ынтымақтастықтың басқа да форматтары шеңберінде де дамытуға ниет білдіреді.
3-бап
Тараптар ынтымақтастығының негізгі бағыттары мен нысандары: