«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасында әскери қызметшiлердiң әкiмшiлiк қамауды өтеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 319 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасында әскери қызметшiлердiң әкiмшiлiк қамауды өтеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 319 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32298 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының гауптвахтасында əкімшілік қамаққа алуды өтеу қағидаларын бекіту туралы»; бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының гауптвахтасында əкімшілік қамаққа алуды өтеу қағидалары бекiтілсiн.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының гауптвахтасында əкімшілік қамаққа алуды өтеу қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының гауптвахтасында əкімшілік қамаққа алуды өтеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi әскери полиция органының гауптвахтасында әкiмшiлiк қамаққа алуды (бұдан әрі - қамаққа алынғандар) өтеу тәртібін айқындайды.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|