ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016.28.01. № 38 бұйрығымен алып тасталды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 245 бұйрығына 5-қосымша
«Табиғи монополиялар субъектілерінің негізгі құралдарына қайта бағалау жүргізуді келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің негізгі құралдарына қайта бағалау жүргізуді келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті және оның аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе www.elicence.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - күнтізбелік 30 (отыз) күн; 2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - негізгі құралдарды қайта бағалау рәсімінің басталуын немесе негізгі құралдарға қайта бағалау жүргізуге келісім беру туралы хат. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|