Осы редакция 2016 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 тамыздағы № 200 қаулысымен бекітілген
1. «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). Мемлекеттік қызметті «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 маусымда № 11304 тіркелген) бекітілген. «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі төмендегідей жүзеге асырылады: 1) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - ХҚҚО) арқылы; 2) көрсетілетін қызметті берушілер арқылы. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: ХҚҚО-да- диспансерлік есепте тұратыны/тұрмайтыны туралы анықтама беріледі. Денсаулық сақтау ұйымдарында - нарколог-дәрігер диспансерлік есепте тұратыны/тұрмайтыны туралы анықтама береді. Стандарттың 1-қосымшасындағы нысанға сәйкес нарколог-дәрігер мен медицина тіркеушісінің қолы қойылған және дәрігер мен көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен расталған, Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» көрсетілетін мемлекеттік қызметті ұсынуды тіркеу журналында (бұдан әрі - журнал) тіркелген анықтама беру. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|