Түркістан қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 71/338-VІ «2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШТІ: 1. «2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Түркістан қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 71/338-VІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5987 нөмірімен тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. Түркістан қаласының 2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемде бекітілсін: 1) кiрiстер – 82 504 595 мың теңге: салықтық түсiмдер – 14 750 593 мың теңге; салықтық емес түсiмдер – 839 894 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 9 959 139 мың теңге; трансферттер түсiмі – 56 954 969 мың теңге; 2) шығындар – 110 846 793 мың теңге; 3) таза бюджеттiк кредиттеу – 0: бюджеттік кредиттер – 0; бюджеттік кредиттерді өтеу – 0; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 23 170 мың теңге: қаржы активтерін сатып алу – 23 170 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0; 5) бюджет тапшылығы – -28 365 368 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 28 365 368 мың теңге: қарыздар түсімі – 36 091 734 мың теңге; қарыздарды өтеу – 9 428 000 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 701 634 мың теңге.»; 2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «2. 2021 жылға корпоративтік табыс, жеке табыс салықтар және әлеуметтік салық түсімдерінің жалпы сомасын бөлу нормативтері: ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша қалалық бюджетке 50 пайыз, облыстық бюджетке 50 пайыз; төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша қалалық бюджетке 74,4 пайыз, облыстық бюджетке 25,6 пайыз; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|