Осы редакция 2016 жылғы 8 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 158-1286 қаулысына 4-қосымша
«Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 cәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тіркелген тұрғылықты жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші; 2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (толық немесе ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Көрсетілетін қызметті алушы алатын мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - мемлекеттік көрсетілетін қызметті тағайындау туралы хабарлама немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайда және негіздер бойынша, мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап, қағаз жеткізгіште. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және қағаз түрінде.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|